15 февраля 2018
226

Ы.Алтынсарин ЖОББМ

Ы. Алтынсарин атындағы ЖОББМ 2019-2020 оқу жылы Қамқоршылық кеңестің 2019 жылғы қаражат есебі

 


Республиканская акция «Безопасный школьный автобус»

 

Хаттама(суырма) (12.12.2019)

 

Хаттама № 1(30.08.2019)

 

Хаттама №4

 

 

 

 

Теректі аудандық білім беру бөліміне

 

Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ

Қамқоршылық кеңес отырысының  №1 хаттамасынан суырма 

02-қыркүйек 2017 жыл

Күн тәртібінде

 

  1. Бескүндік оқу аптасына көшу және сабақ ұзақтығын 40 минутқа енгізу туралы.
  2. Қамқоршылық кеңесінің құрамын толықтыру, жаңа құрамын бекіту, қамқоршылық кеңестің мақсат-міндеттерімен және жылдық жоспарымен таныстыру

 

Қатысуы тиіс: Қамқоршылық кеңес мүшелері- 9, мектеп әкімшілігі- 7

 

Тыңдалды:

 

А.У.Ахметкалиева  (мектеп директоры)

 

-Жаһандық өзгерістер мен әлемдік трендтер мектептегі  білім беру мазмұнының жылдам қарқында жаңаруын талап етеді. 2018-2019 оқу жылында жаңартылған білім мазмұнына 3,6,8,10 сыныптар көшеді. 2019-2020 оқу жылында 4,9,11 сыныптар.

 

 

«2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарына оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы»

 

 

Әдістемелік нұсқау хатта: «Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларына өзгерістер енгізілген.

 

1) 127- бабының тұжырымы өзгертілді. Жаңа тұжырым: «Жалпы білім беретін мекемелерде оқу жүктемесінің жоғарғы нормасы аталған санитарлық қағидалардың 9- қосымшасында көрсетілген нормадан аспауы керек. Оқу жүктемесі ұлғайған жағдайда сабақ кестесі қамқоршылық кеңесі және ата-аналар комитетімен келісілуі тиіс».

 

2) 2017-2018 оқу жылынан бастап сабақ ұзақтығы 40 минутты құрайды. Бұл дегеніміз 2017-2018 оқу жылынан бастап барлық сыныптарға (1-11 сыныптарға) бескүндік оқу аптасына көшу рұқсат етілген. Бескүндік оқу аптасы туралы шешімді мектеп әкімшілігі, қамқоршылық кеңесі, ата-аналар комитетімен келісе отырып қабылдайды.

 

2017-2018 оқу жылында Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ-де барлығы  211 оқушы  бір ауысымда оқиды. Оның 137-і  ыстық тамақпен қамтылады. Бір мезгілде  137 баланы мектеп  асханасы тамақтандыра алады.  Бескүндік оқу аптасына көшкен жағдайда қоңырау кестесі санитарлық эпидемиологиялық талаптардың жаңартылып жарияланғанға дейін уақытша төмендегідей қойылды.

 

 

Сабақ №

Уақыты (2-11сынып)

Уақыты (1 сынып)

Қоңырау ұзақтығы

1

8.30-9.10

9.00-9.35

5 мин

2

9.15-9.50

9.40-10.15

5 мин

3

10.05-10.45

10.30-11.05

15 мин

4

11.00-11.40

11.10-11.45

15 мин

5

11.45-12.25

11.50-12.25

5 мин

6

12.30-13.10

12.35-13.10

5 мин

7

13.15-13.55

 

5 мин

8

14.00-14.40

 

5 мин

 

Сонымен қатар, барлық сыныптардағы сабақ кестесі:

 

 

Күндер

Сыныптар (сабақ саны)

 

 

 

 

 

 

 

 

1

4

5

7

8

9

10а

10б

11а

11б

Дүйсенбі

5

5

5

6

6

6

6

6

7

7

6

7

7

6

6

6

Сейсенбі

5

5

5

5

5

5

6

6

6

7

7

7

6

7

6

7

Сәрсенбі

4

4

4

5

5

5

5

6

6

7

6

7

7

6

7

6

Бейсенбі

5

5

5

5

5

5

6

7

7

6

7

7

6

7

7

6

Жұма

4

5

5

5

5

5

6

6

6

6

7

8

7

6

7

7

Сенбі

Ата-аналармен байланыс күні; Әдістемелік іс-шаралар күні

 

 

 

 

 

 

 

Барлығы

23

24

24

26

26

26

29

31

32

33

33

36

33

32

33

32

 

Барлық сыныптардағы оқу жоспарының  вариативті компонентіндегі сабақтар («Зайырлылық және дінтану негіздерінен» басқа) оқу жүктемесі аз күндері түстен кейінгі уақыттарға қойылатын болады.

 

Сөйледі:

 

  1. Аубакирова Жансекен Сабировна(МҮ директоры, қамқоршылық кеңес төрайымы)

-Біздің мектептің оқушылары да , ата-аналары да бұл жаңалықты қуана қарсы алды. Бескүндік уақыт аптасы балаларымен өткізетін, тәрбиелеуге кететін уақыттарының ұлғайғаны ата-аналарды қуантып жатыр. Қоңырау кестесі де, сабақ кестесі де талаптарға сай құрылған, балалардың денсаулығына кері әсер етпейді деп ойлаймын.

 

  1. Бекбаева Т.М.(МКЦК «Бөбек» бөбекжайының директорының міндетін атқарушы)

Бескүндік оқу аптасының жақсы жақтары өте көп деп ойлаймын. Балалардың екі демалыс күні болады. Бұл ата-ана үшін балаларын тәрбиелеуге, сабақтарын пысықтауға қосымша уақыт деген сөз.  Сабақ кестесінде 7 сабақ, тек жұма күні

8 сабақ болғанымен сабақ уақыты 40 минутқа азайғаны көп ауыртпалық салмайды деп есептеймін.

 

 

Дауыс беру: «Бескүндік оқу аптасына көшу және сабақ ұзақтығын 40 минутқа енгізу»

 

«Қарсы» - жоқ;  «Жақтаушылар» - қамқоршылық кеңес мүшелері- 9, ата-ана комитеті мүшелері -7, мектеп әкімшілігі- 7

«Қалыс қалушылар» - жоқ.

 

Жантемирова Л.К. (тәрбие ісінің меңгерушісі)

Қамқоршылық кеңестері - қоғамның білім саласын басқаруға қатысу формаларының бірі. Бұл білім саласын, не болмаса нақты бір білім беру мекемесін дамытуға мүдделі адамдарды ерікті негізде біріктіретін мемлекеттік емес, коммерциялық емес, қоғамдық ұйым.

 

 

Қамқоршылық кеңестің мақсаты Білім беру ұйымына қолдау көрсету. Атап айтқанда, оның жарғылық функцияларының іске асырылуына, қаржылық қолдауды қамсыздандыруда, материалдық-техникалық базасының нығаюына септесу, сондай-ақ, оның қызметіне қоғамдық бақылау жүргізу.

 

 

Қамқоршылық кеңес құрамында жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері, жұмыс берушілер мен әлеуметтік серіктестер өкілдері, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, білім беру мекемесінің әрбір сыныптары қатарынан ата-аналар комитеті ұсынған бір-бір ата-ана немесе заңды өкіл, қайырымдылық жасаушылар болады.

 

Күн тәртібіндегі мәселенің қаралып болуына байланысты Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ-нің Қамқоршылық кеңесінің отырысы:

 

ШЕШІМ етеді:

1.Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ 2017 жылдың 11 қыркүйегінен бастап бескүндік оқу аптасына көшірілсін және сабақ ұзақтығы 40 минутқа енгізілсін.

2.Қамқоршылық кеңесінің ұйымдастырылу бағыты, мақсат-міндеттері Қамқоршылық кеңес мүшелерінің қаперіне алынсын.

3.Қамқоршылық кеңес мүшелерінің құрамы жаңартылып, төмендегідей толықтырылсын.

1.Аубакирова Жансекен Сабировна (МҮ директоры, қамқоршылық кеңес төрайымы)

Мүшелері:

  1. Габдулова Ұ.Т. (Әлеуметтік педагог)
  2. Бекбаева Т.М. (МКЦК «Бөбек» бөбекжайының директорының міндетін атқарушы)
  3. Нысанбаев Б.Е.«Чапаев асыл тұқымды мал зауыты» ЖШС басшысы
  4. Молдашева М.Ж. (ауылдық кітапханашы)
  5. Ажгереев Исатай Ерғалиұлы (электр торабының басшысы)
  6. Жұбандыков Құрмантай (жеке кәсіпкер)
  7. Боранбаев Нұрболат (жеке кәсіпкер)
  8. Мутиев Сейтон Мендібаевич (мектеп шаруашылық меңгерушісі)

 

 

Мектеп директоры:              А.У.Ахметкалиева

Жиналыс төрайымы:               Ж.С.Аубакирова

Жиналыс хатшысы:                 М.Молдашева

 

 

Теректі аудандық білім беру бөліміне

 

Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ

2017-2018 оқу жылы

Қамқоршылық кеңесінің хаттамасынан суырма

 

ХАТТАМА №2

 «20»желтоқсан__2017_ж.

Қатысқандар: Қамқоршылық кеңес мүшелері, мектеп әкімшілігі

 

Күн тәртібінде:

 

  1. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9-тармағына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығы негізінде Аудандық білім беру мекемелерінде қамқоршылық кеңестер құру туралы бұйрығымен таныстыру, Қамқоршылық кеңесінің құрамын жаңарту және бекіту туралы
  2. Мектепішілік Жаңа жыл мерекесін ұйымдастыру

Тыңдалды:

Жантемирова Л.К. (тәрбие ісінің меңгерушісі)

-«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9-тармағына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығына сәйкес Аудандық білім беру мекемелерінде қамқоршылық кеңестер құру туралы бұйрығы негізінде Қамқоршылық мүшелерінің саны 9 адам болуы керек және Қамқоршылық кеңес мүшелерінің құрамына мектеп басшысы, мектеп мұғалімдері немесе әлеуметтік педагог, тәрбие ісінің меңгерушісі, сонымен қатар Мемлекеттік қызметкерлер Қамқоршылық кеңесінің мүшесі бола алмайды.

 

2.Аубакирова Жансекен Сабировна (МҮ директоры, қамқоршылық кеңес төрайымы)

-Аудандық білім беру мекемелерінде қамқоршылық кеңестер құру туралы бұйрығы негізінде Қамқоршылық кеңесінің құрамы жаңартылып, Қамқоршылық кеңес мүшелері әлеуметтік педагог Ұ.Габдулова мен мектеп шаруашылық меңгерушісі С.Мутиевтің орнына өз ұсыныстары бойынша «Чапаев» асыл тұқымды мал заводының ЖШС-нің есепшісі Айбеков Юсуп Бахтыгереевич пен жеке кәсіпкер Айбеков Бақытжан Бахтыгереевич мүше болып қабылданады.

 

Сөз алғандар:

 

 

3.Габдулова Ұ.Т. (әлеуметтік педагог)

-Биылғы оқу жылында мектебіміздің мүмкіндігі шектеулі екі оқушысы үйден оқытылады. Сонымен қатар мектеп қабырғасында оқып жатқан даму мүмкіндігі шектеулі 14 оқушы бар. Мектебімізден аз қамтылған отбасының балалары 7-сынып оқушысы Алмашева Д облыстық әкім шыршасына барып, толық киім –кешекпен қамтылып, тәттілерін алып, қатысып келді. 27 –желтоқсанда бес оқушы аз қамтылған отбасының балалары Құрманғазы Әлішер (8-сынып), Қайырболатова Гүлназ (6-сынып), Таржманова Эсмира (6-сынып), 5-сынып оқушылары Рахметолла Жансая, Жұмағазиев Бақтияр аудандық әкім шыршасына қатысады деп жоспарланып отыр. Мектепішілік жаңа жылдық мереке 27-28 желтоқсан күндері өтеді.

 

 

Жұбандыков Құрмантай (Қамқорлық кеңес мүшесі)

-Жаңа жыл мерекесі- балалар үшін асыға күтетін мереке. Сондықтан жаңа жылдық шырша мерекесін тиімді ұйымдастырып, мереке кезіндегі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз керек. Қамқоршылық кеңесі мүшелерінің көрсеткен қаржылай көмегіне үйден оқитын мүмкіндігі шектеулі екі оқушыға қысқы етік және көйлек, жаңа жылдық тәттілер, сонымен қатар шырша жабдықтарына ойыншықтар мен шырша шамын алып берсек деп жоспарлап отырмыз.

 

Қаулы қабылдады:

1.«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9-тармағына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығына сәйкес Аудандық білім беру мекемелерінде қамқоршылық кеңестер құру туралы бұйрығы негізінде Қамқоршылық кеңесінің құрамы жаңартылып, бекітілсін.

1.Аубакирова Жансекен Сабировна (МҮ директоры, қамқоршылық кеңес төрайымы)

Мүшелері:

  1. Айбеков Бақытжан Бахтыгереевич(жеке кәсіпкер)
  2. Бекбаева Т.М. (МКЦК «Бөбек» бөбекжайының директорының міндетін атқарушы)
  3. Нсанбаев Б.Е.«Чапаев асыл тұқымды мал зауыты» ЖШС басшысы
  4. Молдашева М.Ж. (ауылдық кітапханашы)
  5. Ажгереев Исатай Ерғалиұлы (электр торабының басшысы)
  6. Жұбандыков Құрмантай (жеке кәсіпкер)
  7. Боранбаев Нұрболат (жеке кәсіпкер)
  8. Айбеков Юсуп Бахтыгереевич«Чапаев асыл тұқымды мал зауыты» ЖШС  есепшісі

 

  1. Жаңа жыл мерекесін ұйымдастыру, демеушілік көрсетіп, қолдау жасау Қамқоршылық кеңес мүшелері тарапына жүктелсін.

 

 

Жиналыс төрайымы:               Ж.С.Аубакирова

Жиналыс хатшысы:                 М.Молдашева

 

Жүктеу : Түзету қам еңес кестесі