18 марта 2020
39

«Теректі ауданының білім беру бөлімі» ММ-сіваканттық бос орындарға конкурс жариялайды

«Теректі ауданының білім беру бөлімі» ММ-сіваканттық бос орындарға конкурс жариялайды

 

  1. Теректі аудандық білім беру бөлімі аудандық әдістемелік кабинетініңмеңгерушісі 1 бірлік.
  2. Теректі аудандық білім беру бөлімі аудандық әдістемелік кабинетінің кітапхана қоры бойынша әдіскері 1 бірлік.
  3. Теректі аудандық білім беру бөлімі аудандық әдістемелік кабинетінің физика және математика пәндері бойынша әдіскері 1 бірлік.
  4. Теректі аудандық білім беру бөлімі аудандық әдістемелік кабинетінің химия, биология, география пәндері бойынша әдіскері 1 бірлік.
  5. Теректі аудандық білім беру бөлімі аудандық әдістемелік кабинетінің тарих, қоғамтану, дінтану мен экономика және қаржылық сауаттылық негіздері, музыка пәндері бойынша әдіскері 1 бірлік.

 

Біліктілік талаптар:

 

  1. Әдістемелік кабинетінің меңгерушісі лауазымына: жоғары педагогикалық білім, ғылыми немесе академиялық дәрежесінің болуы, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 7 жыл.
  2. Әдістемелік кабинетінің әдіскері лауазымына жоғары педагогикалық білім, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, тиісті бейіні бойынша бірінші немесе жоғары біліктілік санатының болуы тиіс.

 

Лауазымдық міндеттері:

  • білім беру ұйымдарындағы негізгі пәндері бойынша ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының жүзеге асырылуын бақылайды;
  • жалпы білім беретін мектептерде негізгі пәндерінің берілуіне әдістемелік қолдау көрсетеді;
  • озық педагогикалық тәжірибені, техника, ғылым жетістіктерін ақпараттық және жаңа педагогикалық технологияларды оқу-тәрбие процесіне енгізу арқылы білім беру ұйымдарында негізгі  пәндері бойынша педагог кадрларының оқыту және тәрбие сапасын жақсарту жұмыстарын жүргізеді;
  • Негізгі пәндері бойынша педагогтардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарынан өтуіне талдау жасайды, сұраныстар қалыптастырады;
  • білім мекемелеріндегі негізгі пәндерінің берілу жұмыстарына мониторинг және талдау жасайды, жетілдіру бойынша іс-шараларды жүзеге асырады, ұсыныстар дайындайды және әдістемелік көмек береді;
  • Негізгі пәндері бойынша озық педагогикалық тәжірибиені таңдау және енгізуді жүзеге асырады, педагогтардың шығармашылық дамуына қолдау жасайды;
  • Пән бойынша оқу-бағдарлама құжаттары мен әдістемелік ұсынымдамалар, ғылыми зерттеу қорытындыларын енгізу және пайдалану бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
  • әдістемелік жұмыстарды өңдеуге қатысады;
  • өзіне қарасты сұрақтармен талдау және анықтамалық мәліметтерді дайындайды;
  • өзіне қарасты сұрақтармен тренингтер, ғылыми-практикалық, әдістемелік семинарлар, конференциялар, байқаулар, педагогикалық оқулар ұйымдастырады;
  • білім беру ұйымының статистикалық есеп беру ісіне қатысады;

Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын және білім мен тәрбие мәселесіне байланысты басқа да нормативтік құқықтық актілерді, дидиктика қағидаларын, педагогика және жасөспірім психология негіздерін, басқарудың жаңашыл әдістерін, әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу үрдісін, баспа орындарымен жұмыс жасау негіздерін, оқу-әдістемелік құжаттаманы жасау және өңдеу принциптерін, еңбек туралы заңнама негіздерін.

 

Аудандық әдістемелік кабинетінің  меңгерушісі лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты: 147 825-179 762 теңгеге дейін.

Аудандық әдістемелік кабинетінің  әдіскері лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты:  130 184-156 951 теңгеге дейін.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

  1. Конкурстық комиссия төрағасы атына тұрғылықты тіркеу орнын, нақты тұратын жерін, байланыс телефондарын көрсетумен қоса өтініш;
  2. жеке тұлғаны куәландыратын құжат көшірмесі;
  3. білім туралы құжат көшірмесі нотариалды куәландырылған;
  4. еңбек кітапшасының көшірмесі нотариалды куаландырылған;
  5. кадр есебі бойынша толтырылған іс парағы фотомен (нақты мекен-жайы мен телефондары);
  6. бар жазбалар мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;
  7. медициналық куәландырудан өтуі туралы құжат 086 формасы;
  8. сотты болмағандығы туралы анықтама ұсынуы қажет.
  9. Азаматтық қызметке басқару функцияларын орындау мен байланысты лауазымға тұру кезенде адам сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама ұсынады. (аудандық әдістемелік кабинетінің меңгерушісі үміткеріне қатысты)

Конкурсқа қатысу үшін кандидаттар құжаттарының көшірмелерін нотариалды немесе кадр қызметі мен куәландыру қажет.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар Теректі ауданының білім беру бөліміне осы хабарлама конкурстың өткізілетіні туралы жарияланған сәттен бастап 15 жұмыс күні ішінде мына мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс:

 

БҚО, Теректіауданы,  Федоровауылы,Тәуелсіздіккөшесі, 135. Теректіауданыныңбілім беру бөлімі. Анықтама телефоны:21-0-69.

 

 

БҚО Теректі ауданының білім беру бөлімі 18.03.2020 ж