18 марта 2020
38

«БҚО Теректі ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі бос азаматтық лауазымына ашық конкурс жариялайды

«БҚО Теректі ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі бос азаматтық  лауазымына ашық конкурс жариялайды

 

«Шөптікөл негізгі орта білім беру мектеп» директоры- 1 бірлік, Шөптікөл ауылы, Долинный селолық округі

 «Қызылжар негізгі жалпы білім беретін мектеп» директоры – 1 бірлік, Қызылжар ауылы, Шағатай селолық округі

 «Покатиловка жалпы орта білім беретін мектеп» директоры-1 бірлік, Покатиловка ауылы, Покатиловка селолық округі.

 

           

Лауазымдық міндеттері:

 

Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады. Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді. Бекітілген учаскедегі балаларды жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесінің ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетілдіреді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді.

           

Педагогикалық ұйымдар, әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді. Білім беру құқығына берілген лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан шыққан тәрбиеленушілердің заңды құқығы мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және басқа да) қорғайды, олардың туысқандық байланысын қолдай үшін оларға жағдай жасау бойынша шаралар қабылдайды. Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды. Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есебін береді.

           

Нормативтік талаптарға сәйкес есеп жүргізіп, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесін, санитариялық-гигиеналық режимді, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауап береді.

           

Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды. Педагогикалық кеңесті басқарады. Белгіленген тәртіп бойынша қызметкерлерді аттестаттауға дайындауға қатысады. Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін өзінің құзыретіне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз құзыретінің шегінде жаза қолданады.

           

Жұртшылықпен, ата-аналармен (немесе оларды алмастырушы адамдармен) байланысты жүзеге асырады. Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда білім беру ұйымының атынан өкілдік етеді, қажетті есеп құжаттарын дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілікті меңгерген.

           

Білуге міндетті:

           

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы»«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы»«Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңы», «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы»«Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы»"Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы», «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика, педагогикалық психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитариялық ережелер мен нормаларды. Республикалық әскери мектеп-интернат, облыстық кадет мектеп-интернаттың бастығы (директорына) қосымша білуге міндетті: «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңын.

            Біліктілікке қойылатын талаптар:

  • Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білімі;
  • Педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл, шағын жинақты мектепте педагогикалық жұмыс өтілі кемінде үш жыл, басшылық лауазымдағы жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
  • Бірінші немесе жоғары біліктілік санатының және (немесе) «педагог-модератор», «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, ЖОО немесе ЖОО кейінгі білім беру ұйымының, әдістемелік қызмет қызметкерлерін қоспағанда);
  • «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
  • Соттылығының жоқ екені туралы анықтама;

           

Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты жалпы орта мектеп директоры үшін 124 831 теңгеден 151 353 теңгеге дейін, негізгі мектеп директоры үшін 118 260  теңгеден 143 810  теңгеге дейін.

           

Конкурс ҚР Білім және ғылым министрінің 21 ақпан 2012 жылдың №57, 2017 жылғы 13 желтоқсандағы  № 619 және 2018 жылғы 26 маусымдағы №308, 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №510 бұйрығына сәйкес «Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшыларын конкурстық тағайындау» қағидасы негізінде жүргізіледі.

           

Конкурсқа қатысуға тілек білдіруші азаматтар хабарлама жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде Теректі ауданының білім бөліміне төмендегідей құжаттарды тапсыруы тиіс:

  • білім беруді басқару органы басшысының атына тұрғылықты тіркеу орны, нақты тұратын жері, байланыс телефондары көрсетілген арнайы нысандағы конкурсқа қатысуға өтініш;
  • жеке тұлғаны куәландыратын құжат көшірмесі;
  • білім туралы құжаттың көшірмесі;
  • еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
  • кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;
  • ескертпелер мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;
  • біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
  • медициналық куәландырудан өтуі туралы құжат;
  • соттылығының жоқ екені туралы анықтама;
  • тестілеуден өткендігі туралы анықтама (болған жағдайда);
  • мектепті дамытудың перспективалық жоспары.

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың көшірмелері нотариалды немесе жұмыс орнының кадрлық қызметі тарапынан куәландырылады.

 

Конкурсқа қатысуға қажетті  құжаттар осы  хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Федоровка ауылы, Тәуелсіздік көшесі, №135 үй мекен-жайына тапсырылуы тиіс, қосымша мәліметтерді  21-069, 23-054  телефондары арқылы алуға болады.

 

БҚО Теректі ауданының білім бөлімі 18.03.2020 ж

 

  1. Конкурсқа қатысуға өтініш;
  2. жеке тұлғаны куәландыратын құжат көшірмесі;
  3. білім туралы құжаттың көшірмесі;
  4. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
  5. кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;
  6. Өндірістік мінездеме;
  7. біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
  8. медициналық куәландырудан өтуі туралы құжат; №086 форма
  9. соттылығының жоқ екені туралы анықтама;
  10. тестілеуден өткендігі туралы анықтама (болған жағдайда);
  11. мектепті дамытудың перспективалық жоспары.
  12. Хаттама поп совет
  13. Требование ЦПСИ