21 ноября 2019
188

"Парасатты отбасы" байқауы өтті

Бүгін аудандық Достық үйінде аудандық білім беру бөлімі "Парасатты отбасы" байқауын өткізді.

Отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасында бауырмалдық, қайырымдылық қатынас қалыптастыру, баласын озат ойлы, елжанды тәрбиелеп отырған отбасын ұлықтау мақсатында өткізілген шараға Ақсуат орта мектебі атынан Тельмановтар, Подстепный №1 орта мектебінен Алдоңғаровтар, Подстепный қазақ мектебінен Жүсіпқалиевтар, Ы.Алтынсарин атындағы мектептен Қуанышқалиевтар, Федоров жалпы орта бiлiм беретiн мектебiнен Қабиевтер əулетi қатысты.
Отбасы тарихын айтып, шежіре тарқатқан отбасылар өз ұясы туралы бейнекөрсетілім дайындап келген. Замануи, жан-жақты бала тәрбиелеп отырған отбасылар ән айтып, өз туындыларын оқып, би де билеп берді.
Өте қызықты, ұлттық болмыста өткен байқауда жүлделі орындар қос өнерлі отбасы - алты балалы Алдоңғаровтар мен төрт бала тәрбиелеп отырған Қабиевтарға бұйырды.
Тельмановтар "Өнерлі отбасы", Жүсіпқалиевтар "Қазыналы отбасы" аталымдарында марапатталды. 
Байқауға қатысушыларға аудандық бiлiм беру бɵлiмiнiң кəсiподақ ұйымы атынан бағалы сыйлықтар мен алғысхаттар табысталды.

Камелия ӨТЕУ

.